Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: БЫЛТЫР «TEN QOGAM» БӨЛІМІНІҢ ЫҚПАЛЫМЕН 11 АЗАМАТҚА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

ТҮРКІСТАН: БЫЛТЫР «TEN QOGAM» БӨЛІМІНІҢ ЫҚПАЛЫМЕН 11 АЗАМАТҚА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

Биыл жыл басынан бері Түркістан қаласындағы «TEN QOGAM» бөлімінің қызметіне жүгінген 7 азамат қоғамдық жұмысқа орналасты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мақсатында жұмыс атқаратын аталған бөлім 2022 жылы 10 азаматты жұмыспен қамтуға ықпал еткен. Сондай-ақ 11 адамға мемлекеттік грант тағайындалып, қазіргі таңда кәсібін дөңгелетіп отыр.
Бүгін «TEN QOGAM» бөлімінің ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғаммен етене араласуға қолдаулар» тақырыбында жиын өтті. Басқосуға Түркістан қалалық «Адами әлеуетті дамыту бөлімінің» басшысы Оразкүл Шайхықызы, қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директор орынбасары Нұржан Дастанұлы, Түркістан қаласындағы медицина мекемелерінің әлеуметтік сала қызметкерлері және қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. Шара барысында ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қоғамға бейімдеу және жұмыспен қамтуға қажетті ресурстарды тарту мәселелері талқыланып, ұсыныстар назарға алынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Атап өтерлік, «TEN QOGAM» бөлімінің қызметіне жүгінуге ниетті адамдар +7 778 409 50 51 байланыс нөміріне хабарласа алады. О.Мұсабеков көшесі №2а ғимаратында орналасқан.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*