Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА БАУЫРҒА ОТА ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА БАУЫРҒА ОТА ЖАСАЛДЫ

Кентау қалалық орталық ауруханасында «бауырдың эхинококк кистасына» ота жасалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі
. Науқас «Бауырдың эхинококк кистасы» диагнозымен жоспарлы түрде Сауран ауданынан жолдамамен түсті. Жылына бұндай диагнозбен ауруханада 10-15 науқасқа ота жасалып тұрады.
Эхинококкоз — бұл бауырдың, өкпенің және басқа мүшелердің зақымдалуымен, дененің аллергиясымен және мүгедектікке ғана емес, өлімге де әкелетін өте ауыр асқынулармен сипатталатын созылмалы гельминтоз. Эхинококк иттің ішегінде өмір сүреді. Осы жануардың жұмыртқалары немесе оның мүшелері нәжіспен бөлініп, сол ауру жұқтырған ит жүнін, суды, топырақты, шөпті және жұғысқан бөлмені, ыдыстарды ластайды.
Аурухананың біліктілігі жоғары дәрігері хирург Жәңгірхан Бимаханұлы және реаниматолог-анестезиолог Ержан Ысқақұлы отаны сәтті жасап шықты. Науқастың отадан кейінгі жағдайы бірқалыпты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*