Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКС НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТУДЕ

ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКС НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТУДЕ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тапсырмасына сәйкес, жаңадан енгізілген Әлеуметтік кодексті жергілікті халыққа түсіндіру мақсатында жұмысшы топ құрылған болатын. Арнайы кестеге сай олар әлеуметтік саладағы өзгерістер мен толықтырулар, зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшерінің артуы бойынша Жетісай және Мақтаарал аудандарының тұрғындарымен кездесті.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Б.Ерімбетов, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Ғ.Боранбеков, Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиал директоры А.Кенжебаев сондай-ақ жергілікті жауапты бөлім басшылары кенттер мен округтерді аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Негізінен атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен жұмыссыз азаматтар, зейнеткерлер қатысқан көшпелі кездесулер барысында жұмысшы топ өкілдері 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін «Әлеуметтік кодекс» туралы түсіндіріліп, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Кездесулерде атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйесін дамыту, мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын құру және еңбек нарығы бағытындағы жаңа өзгерістер жайлы кеңінен айтылды.
Айта кетейік, өмірлік қиын жағдайға тап болған адам мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік қолдау шаралары барын және оны шешудің ықтимал жолдарын Жаңа Кодекс арқылы анықтай алады. Кодексте әлеуметтік қолдау бағыттарының орналасуы, адам өмірге келгеннен бастап кәрілікке дейінгі қолдау шаралары белгіленген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*