Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯЛАРДЫҢ САНЫ АРТАДЫ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯЛАРДЫҢ САНЫ АРТАДЫ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округінде болып, Жонарық елдімекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысты,  деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
— Бүгінде ауданда дәрігерлік амбулатория құрылысына басымдық беріліп отыр. Себебі, аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға деген жағдай жасау өте маңызды. Алдағы уақытта, елдімекен тұрғындары алғашқы медициналық көмекті осы дәрігерлік амбулаториядан алатын болады. Елдің игілігіне бағытталған істер сапалы әрі өз уақытында жүргізілуі тиіс, — деді аудан басшысы.
Арман Айдарұлы бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.
Айта кетсек, бүгінгі таңда аталған нысанның іргетасы қаланған. Медициналық нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылған соң бір ауысымда 25 азаматқа медициналық алғашқы көмек көрсете алады. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*