Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ОБЛЫСТА АЛҒАШ РЕТ БАС МИЫНЫҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА СТЕНТ ҚОЮ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

ОБЛЫСТА АЛҒАШ РЕТ БАС МИЫНЫҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА СТЕНТ ҚОЮ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық саласына баса мән берді. Ол: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек», деп атап өтті.
«Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында ілкімді істер жүзеге асырылып отыр.
Осы орайда, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-диагностикалық орталығында «Ангиограф» құрылғысымен алғаш рет бас миының қан тамырларына стент қою оталары өтті.
Инсульт қаупі бар науқастарға арналған өмірлік маңызы жоғары бұл емдік ота түрі Түркістан облысында бірінші рет жасалды.
Инсульт немесе ишемиялық цереброваскулярлық ауру – орталық жүйке жүйесіне апаратын тамырлардың аурулары немесе тамырдан тыс қан кетулер нәтижесінде дамитын окклюзиялардан туындаған неврологиялық симптомдардың дамуы. Клиника-диагностикалық орталығының басшысы Мехмет Зия Генчердің айтуынша, ерте диагностика мен емдеуді қолға алу арқылы инсульт және инсультпен ауыратын адамдарда мүгедектік қаупін азайтуға болады. Сондай-ақ, ол клиникамыздың Түркістан халқына көрсеткен қызметінің арқасында инсультпен күресуге қауһарлы адам санының артатынын айтты. Демек, өңірімізде инсультке байланысты мүгедектік жағдайлары да айтарлықтай төмендейді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*