Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: КЕУДЕ ҚУЫСЫНА ЗАМАНАУИ ОТА ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕУДЕ ҚУЫСЫНА ЗАМАНАУИ ОТА ЖАСАЛДЫ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына «Сол өкпенің төменгі бөлігінің қатерсіз ісігі» диагнозымен науқас түсті. МӘМС шеңберінде пациентке «Сол жақты видеоторакоскопия, өкпенің төменгі бөлігі ісігінің резекциясы. Кеуде қуысының санациясы және Бюлау тәсілімен дренаждау» отасы жасалды.
Бұл операцияның артықшылығы — кеуде қуысының отадан кейінгі минималды деформациясы, пациенттің ерте белсендірілуі, және операциядан кейін тез қалпына келтіру.
Бұрын дәстүрлі әдіспен кең торакотомия, өкпе ісігін алып тастау және тігу жүргізілетін.
Мұндай операциядан кейін науқасқа 3 айға дейін оңалту кезеңі қажет етілген. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*