Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Дәрігер – мәртебелі мамандық

Дәрігер – мәртебелі мамандық

Жыл сайын маусымның үшінші жексенбісі елімізде медицина қызметкерлерінің мерекесі болып есептеледі. Бұл  – әр минут сайын адам өмірін құтқаруға бар күш-жігерін салатын әрі өмір мен өлім үстіндегі адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайын ақ халатты абзал жандардың кәсіби төл мейрамы. Кез келген науқастың қажетті ем алып, аяқтан тұруын басты назарда ұстайтын бұл мамандық иелерінің еңбектері ерен.

Адам жанына араша түсетін дәрігер мамандығының маңызы ешқашан аласармасы анық. Бұл салада әсіресе, хирург мамандардың арқалайтын жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Елімізде ауырып-сырқаған әр адамның денсаулығын бірінші орынға қойып, оны оңалтуды басты міндет еткен мамандар қатары үнемі толығып келеді.

Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан нәрестеден  бастап, еңкейген қартқа дейін ақ халатты дәрігерлер қызметіне жүгінетіні рас. Олардың еңбегін қажетсінбейтін жан бұл өмірде кемде-кем. Өз істерінің нағыз шебері бола білген ақ халатты жандар талай адамның жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді. Күнделікті үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға  ем-шаралар көрсетуден бөлек,  аурухананың өзге де күйкі тірлігіне қарамастан кейіпкеріміз әрқашан жайдары мінез танытып жүруден жалыққан емес. «Гиппократ» антын қабылдап, сабырлылық пен салмақтылықты серік еткен Алимат Мұхамматұлын адам жанының инженері десек  артық айтқанымыз емес. Өзінің сүйікті мамандығына нағыз берілген жан адам денсаулығының сақшысы қызметін абыроймен атқарып жүр.

Парманов Алимат Мұхамматұлы 1996 жылы ТашПМИ-дің педиатриялық факультетін бітірген. Травматология бойынша 1 жылдық интернатурадан өткен. Еңбек жолын ТашПМИ-дің № 2 клиникасында дәрігер-травматолог қызметінде бастады. 2001/2002 жылдары Ташкент облыстық № 1 клиникалық ауруханасында дәрігер-травматолог қызметін атқарды. Сайрам аудандық орталық ауруханасында 2002 жылдан қызмет жасайды. 2002/2004 жылдары балалар реаниматолог дәрігері, балалар бөлімінің меңгерушісі, 2004 жылдан травматология бөлімінің дәрігері қызметін атқаруда.

Парманов Алимат қызметінде тек жақсы жағынан көріне білді. Қызметіне тиянақты, өте сергек, талапшаң маман. Кәсіби мамандығын жетік меңгерген, күрделі операцияларға қатысады, сыныққа гипс салады, сүйекті созу (скелет, вытяжение) шараларын іске асырады.

Мыңдаған науқастарды кеселінен айықтыруға өзіндік үлес қосып келе жатқан елордалық дәрігер алдына көмек сұрап барғандардың бетін қайтарып көрмепті. Өзінің қоғамға қызмет етуде ең әуелі қарапайым адамгершілік ұстанымдарын жоғары қоятындығынан ақ халатты дәрігеріміздің  қандай қызметкер екенін байқауға болады.

Осынау білікті дәрігерлердің емі әр­бір науқастың дертіне шипа болсын, қиын да сауабы мол ақ халатты абзал жандардың еңбегі бағалауға лайық. Қашан көрсең де орнында тапжылмай отырып, келген науқастар­ды кәсіби біліктілігі, өз ісіне шынайы берілгені, адамдарға деген жанашырлығымен баурайтын Алиматқа науқастардың айтар алғысы мол.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*