Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ордабасы: балалар күніне орай Ашық есік күні ұйымдастырылды

Ордабасы: балалар күніне орай Ашық есік күні ұйымдастырылды

Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай, Ордабасы ауданы Төрткүл БМСК емханасында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды.
Балалардың көңіл күйін көтеріп ертегі әлемі, өз қорқынышыңды басу ойыны ұйымдастырылып, балалар ән айтып би биледі. Ата-аналарына мейірімді ата-ана алғыс хаты берілді.
Балаларды қорғау күні – бұл тек көңілді мереке ғана емес, ол қоғамға баланың құқықтарын қорғау қажеттілігін еске салу болып табылады. Әр баланың дені сау болып, ата-анасының қамқорлығында болса екен дейміз.

Ал, Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты Бөржар БМСК-да 1 – маусым балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға ерекше балалар мен олардың ата-аналары және оқушылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты балалар мен ата-аналардың салауатты өмір салты туралы білімдерін арттыру, әр адамның денсаулығына қамқорлық жасау, спортпен шұылдануды, еңбек және демалыс режимдерін сақтауды дамыту. Келген балалармен әлеуметтік қызметкер мен психолог мамандар түрлі ойындар өткізді. Балалар дәрігері мен мейірбикелер баласының денсаулығын нығайту үшін уақытылы тексеруден өтіп, екпелерін алған ата-аналар мен балаларды алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстап, балалардың көңіл күйін көтерді.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының балалар бөлімінде жатқан балаларымызды аурухана әкімшілігінің атынан басшының Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары бастаған ақ халаттылар балалар мен олардың аналарын мейрамдарымен құттықтады. Балалардың дендеріне саулық, жарқын болашақ тілеп, жылы лебізбен сыйлықтар таратылды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*