Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ордабасыда Халықаралық отбасы күні аталып өтті

Ордабасыда Халықаралық отбасы күні аталып өтті

Қазіргі таңда елімізде халықаралық отбасы күні 1994 жылдың 15 мамырынан бастап өтілуде. Отбасы — өмір бойы біздің қасымызда болатын ең жақын адамдар Отбасын жоспарлау — бұл кейбір жеке адамдар мен ерлі — зайыптылардың қалаулы емес жүктіліктен сақтануына, дүниеге келетін сәбилердің уақытымен, санын реттеуде еркін және жауапты шешім қабылдап,осы таңдауды қадағалауға арналған шаралар жиынтығы. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Жалпы айтқанда, жанұяны жоспарлаудың негізгі мақсаты –ана мен нәрестенің денсаулығын қорғау және жалпы халықтың денсаулығын жақсарту болып саналады. Жүктілік ана организміне түсетін үлкен салмақ болғандықтан, жүктілікке алдын-ала дайындалған дұрыс.

Осы күнге орай емхананың акушер-гинеколог дәрігерлері отбасын жоспарлау кабинетінде сабақтар өткізді. Ерлі-зайыптыларға — жүктілікті жоспаралу мәселелері және жүктіліктен сақтанудың замануи әдістері мәселелері бойынша уақытылы кеңес беріп, жүктілікті ойланып және еркін жоспарлау, жағымсыз жүктілікті болдыртпауға тырысу,жүктілік пен туу арасындағы уақытты 2-3 жыл ағымында үйлестіру; — ата-аналар бала туу уақытын таңдауды бақылау, отбасында балалар санын анықтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Және де келген жүкті әйелдерді тексеруден өткізіп, кеңестер берді.

Сонымен бірге, Төрткүл БМСК орталығында Халықаралық отбасы күніне арналған «Ашық есік» күні өтті. Емханада психолог Жаппар Ақсәуле Парамурызқызы оқушыларға » Бақытты отбасы» дөңгелек столын өткізді. Оқушылар өз ойларын айтып ортаға салды.
Отбасын жоспарлау кабинетінде акушер Г.Б.Дүйсенбек, психолог А.П. Жаппар, әлеуметтік қызметкер И.Е.Тұрғын репродуктивтік денсаулық және денсаулықты нығайту, стресстің алдын алу үшін отбасы институтының рөлін арттыру сұрақтары бойынша кеңестер берді.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Мұның бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі бүгін — жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі екен.

15 мамыр — халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. Бұл күнді белгілеу–отбасындағы көптеген проблемаларға елдегі қоғамның назарын аудара түсу мақсатын көздейді.

БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша, бір отбасындағы негізгі құқықтарға көз жұма қарау, ондай проблемаларды елемей, құқықты белден басу – тұтастай адамзаттық отбасына да қауіп төндіре түседі. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*