Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына сәйкес Ордабасы аудандық орталық ауруханасының аймақтық қызмет көрсету бөлімі мынандай қызмет атқарады.
1. Пациенттің үйіне, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы белсенді баруы:
1) стационардан шығару немесе жедел медициналық көмек станциясынан ақпаратты (активтерді) берген ауыр жағдайдағы пациенттердің қозғалуы шектелген кезде;
2) жүкті әйелдер белгіленген күннен кейін 3 күннің ішінде қабылдауға келмеген кезде;
3) босанған әйел көрсетілген мерзімде қабылдауға келмегенде;
4) босанған әйел бекіту мәртебесіне қарамастан акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп түскен мәліметтер бойынша қызмет көрсету аумағына келген жағдайда жүзеге асырылады.
Пациенттің үйіне белсенді баруды учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер басымдықпен жүзеге асырады.
Жеделділіктің төртінші санатындағы жедел медициналық көмекті шақыртуларды қоспағанда, қабылдауға денсаулығының жай-күйі мен аурудың сипаттамасы бойынша МСАК ұйымына келу мүмкіндігі болмаған жағдайда адамдардың МСАК ұйымдарына жүгінуі үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін көрсетілімдер болып табылады.
Учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:
1) шақырту кезінде дене қызуының 380С болуы;
2) жай-күйінің бұзылуынсыз артериялық қысымның артуы;
3) медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйі, ауруы, жарақаттары (есінен айырылмау, қан кету белгілерінсіз, жай-күйінің кенеттен нашарламауы).
Учаскелік дәрігердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:
1) шақыртуға қызмет көрсеткен учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің шақыртуды қабылдауы кезінде МСАК-тың тіркеу бөлімі бағалаған дәрігердің үйде тексеріп-қарауын қажет ететін жай-күйі;
2) вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы.
5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және босанған әйелдерге денсаулық жай-күйінің кез-келген нашарлауы кезінде, жедел медициналық көмек шақыртуларын қоспағанда, үйде қызмет көрсетіледі. 65 жастан асқан, қозғалысы шектелген адамдарға үйде қызмет көрсетіледі.
Дәрігерді үйге шақыру +7 725 30 77 0 00 телефон номері бойынша тіркеу орны қабылдайды.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда пациенттерді қолдау қызметіне + 7 777 147 10 78 телефоны арқылы шағым бере алады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*