Ордабасы ауданының халқына сапалы медицинаның қол жетімділігін қамтамасыз ету, аурудың алдын алу үшін бейінді мамандар «Жылжымалы медициналық кешен» (ЖМК) арқылы Бөржар ауылының тұрғындарын медициналық профилактикалық тексеруден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жылжымалы медициналық кешенде флюорография (ФЛГ), электрокардиография (ЭКГ) ультрадыбыстық зерттеулерден (УДЗ) өткізу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар офтальмолог, лор, гинеколог, стоматолог, хирург, УДЗ дәрігерлерінің кеңесі халыққа өз пайдасын тигізуде. Ауыл тұрғындары аталған көмектің өз денсаулықтарында оң өзгеріс болғанына алғыстарын білдірді.
Сонымен бірге, Ордабасы аудандық орталық ауруханасында травматологиялық сыртқы бекіту жүйесін қолданып (система внешней фиксации) сүйектерді қалпына келтіру арқылы емдік іс-шаралар жүргізілуде.
Сыртқы бекіту жүйелері сүйектің ашық сынуында, жамбас сүйегінің сынуында, бірнеше сүйектің сынуында, сүйектердің күрделі көп жерден сынуында қолданылады. Бұл жүйенің науқасты негізгі отаға дейін сүйектерін реттеуде көмегі орасан зор. Қан айналым жүйесі қалыпты жүреді, ашық жарақаттар тез және асқынусыз жазылады. Бұл жүйені балтыр және сан сүйегінің сынуында қолдану науқастың қимыл қозғалысына кедергі келтірмейді, науқастың қозғалысына қиындық туғызбайды. Ордабасы аудандық орталық аурухананың травматолог дәрігерлері сыртқы бекіту жүйесін жетік меңгеруде. Дәрігерлер науқасқа кәсіби ота жасап, қысқа уақытта асқынусыз емдеуді жүзеге асыруда. Сыртқы бекіту жүйесі жол көлік оқиғасынан түскен науқастарға, жоғары биіктіктен құлаған науқастарға жиі қолданылады.
Суретте көрсетілген науқастар Ордабасы аудандық орталық ауруханасының травматолог дәрігерлерінің емдік іс-шара жүргізу кезеңі. Д/з: Оң жақ мықын сүйегінің қанатының жабық ығысуымен сынуы. Оң жақ мықын сегізкөз байламының травматикалық жабық жыртылуы. Оң жақ балтыр сүйектерінің ортаңғы 1/3 бөлігінің қиғаш көлденең ашық ығысуымен сынуы.