Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Мақсат — салауатты өмір салтын қалыптастыру

Мақсат — салауатты өмір салтын қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Ордабасы аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен бірқатар шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Өткізілген іс-шаралардың мақсаты — салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының Салауатты өмір салтын қалыптастырушы дәрігерлерінің бастамасымен Бибі-Ажар, Назира апа, Батон-2, Ару-Ардақ, Айназия, Рахия ана, Зура апа, Адина, Ай –Томирис, Бүлдіршін, Ілес апа, Нұр-балауса, Күміс, Ақкөгершін, Береке, Айзере, Бал-балауса балабақшаларының мейірбикелері мен тәрбиешілері бірлесіп «Жеке бас гигиенасы», «Таза судың пайдасы, қантты газдалған сусындардың зияны» тақырыбынды балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылы қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне және таралуына, өршуінің туындауына жол бермеу мақсатында 2023 жылғы 14 наурыздағы № 1 ҚАУЛЫСЫ негізінде Ордабасы аудандық орталық аурухана басшысының Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары А.А.Иманованың қатысуымен жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі А.Қ.Ержанова педиатр дәрігерлері арасында «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында семинар сабағын өткізді.
Ордабасы ауданы Қараспан ауылына қарасты З.Исабеков, Е.Ерназаров, Тәуке хан, К.Омаров, Жамбыл, Қ.Сәтпаев, Б.Оңтаев, І.Есенберлин жалпы орта мектептерінің, Бөген ауылына қарасты Б.Кенжебаев, Жеңіс жалпы орта мектептерінің, Бөржар ауылына қарасты Қ.Мүсірепов, Абай, С.Ысқақов, М.Дулати, Теспе жалпы орта мектептерінің, және Қайнар ауылына қарасты Ө.Тұрманжанов, Қарақұм ауылына қарасты Қарақұм жалпы орта мектептерінің, Көктөбе ауылына қарасты Н.Нысанбайұлы, Н.Оразбаев және Қажымұқан ауылы С.Ысмайлов жалпы орта мектептерінің  1-11 сынып аралығындағы оқушыларға мектеп мейірбикелері Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Дұрыс тамақтану», «Қантты газдалған сусындар мен энергетикалық сусындарды тұтынушы шектеу», «Тұзды тұтынуды шектеу», тақырыптарында түсіндірме жұмыстары слайдтар, плакаттар, үнпарақтар арқылы жүзеге асты.
Оқушыларға «Денсаулық баршаға» ұранымен Дене шынықтыру мұғалімдері мен мейірбикелер бірлесіп спорттық іс шаралар өткізді. Іс шараның мақсаты оқушыларды спортқа бейімділікті арттыру және тұрақты айналысуға тарту, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*