Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Туберкулездің алдын алу шаралары

Туберкулездің алдын алу шаралары

БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде милиарлы туберкулезден және туберкулезді менингиттің дамуы мен асқынуын және таралуын тежейді.
Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Өкпе туберкулезін уақтылы анықтау үшін қақырыққа бактериоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Балалардың туберкулезді жұқтыруын уақтылы анықтау үшін Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бір жастан бастап, жылына 1 рет салынады. Нәтижесі 72 сағаттан кейін жарық жерде мөлдір сызғыштың көмегімен папуланы (түйінді) өлшеу арқылы белгілі болады. Папуланың тек көлденең өлшемі тіркеледі, ал қызарған аймағы есептелмейді.
Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.
Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде дене шынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.
Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану.
Ет пен сүтті міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу.
7. Қоршаған орта гигиенасы, мақсаты – анықталмаған және уақтылы ем қабылдамаған науқастардан ауруды жұқтыру қаупін төмендету:
8. Үйді тұрақты түрде желдету;
9. Айналаңдағыларға түкіру – жұқпалы аурудың тарауына ықпал ететін жағымсыз әдет екенін түсіндіру.
10. Көпшілік жүргіншілердің қозғалысы басталмай тұрып, таңертеңгі уақытта көшелер мен аулаларды тазарту, бұл шаңнан мүмкін болатын Кох таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
11. Тура күн сәулелері 5 минут ішінде туберкулез қоздырғыштарын өлтіреді;
12. 1% натрий гипохлориді қақырықты ерітіп, туберкулез таяқшасын тез жояды;
13. Кох таяқшасы 60С температурада 20 минуттан кейін және 70С температурада 5 минуттан кейін өледі;
14.. Көрпелер мен жүннен жасалған заттарды желге қағу, күнге жаю залалсыздандыру.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*