Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ордабасы аудандық ауруханасында 5 стаматологиялық кабинет жұмыс жасайды

Ордабасы аудандық ауруханасында 5 стаматологиялық кабинет жұмыс жасайды

Ордабасы аудандық орталық ауруханаға қарасты стоматологиялық 5 кабинеттер бар. Орталық емханада, Қараспан БМСК, Бадам БМСК, Төрткүл БМСК, Шұбар БМСК-да стоматологиялық кабинеттер орналасқан. Жұмыс уақыты: 08:30-18:00 аралығында жүргізіледі.
Біздің стоматологиялық кабинеттердің қызметі:
-ауырсынуды басу, жансуздандыру;
-химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу;
-ауырсынуды басу арқылы тісті жұлу;
-периостотомия;
-абсцесстерді ашу.
Стоматологиялық көмек алатын халық санаттары:
-балалар;
-жүкті әйелдер;
-Ұлы отан соғысы ардагерлері;
-1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларыменмарапатталған көпбалалы аналар;
-атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
-жасы бойынша зейнеткерлер;
-жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар;
-мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыссыздар;
-бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыссыз адамдар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*