Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Медициналық сақтандыру қорының жұмыс барысымен танысты

Медициналық сақтандыру қорының жұмыс барысымен танысты

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Нұржан Әжіметовтің бастамасымен халық қалаулылары және партия мүшелері медициналық сақтандыру қорының жұмыс барысымен танысты.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев қонақтарды ұжым қызметкерлерінің жұмыс жайын көрсетті.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бері денсаулық сақтау субъектілерінің арасында медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсімі автоматтандырылған. Яғни, медициналық көмекті көрсету бойынша сатып алу рәсімдері электронды жүйеде ашық жүргізілетіні көрініп тұр.
Қор филиалы мамандары денсаулық сақтау субъектілеріне медициналық қызметтерге қаржылық аударымдарды ай сайын уақтылы электрондық жүйеде жүргізеді.
Мекеменің мамандары ақпараттық жүйелерде пациенттің ауруы, алған емі, дәрі-дәрмегі бойынша енгізілген деректерді тұрақты сараптаудан өткізіп, медициналық ұйым тарапынан алғашқы медициналық-санитарлық көмектің, стоматологиялық қызметтердің, оңалту шараларының, профилактикалық тексерулердің сапасына назар аударады.
Науқастың ауру тарихына қатысты мәліметтерді ақпараттық жүйелерге енгізу барысында туындаған сұрақтарға, пациенттерден түскен арыз-шағымдар бойынша Қор филиалы мамандары тиісінше кеңес береді және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Н.Нұрмаханбетұлы Қор филиалы қызметкерлерінің еңбегіне куә болып, ризашылықтарын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*