Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі артты

Медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі артты

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай ұлғаюына байланысты міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі артты. Емхана деңгейіндегі консультациялар мен диагностикалық қызметтердің саны жыл сайын артып келеді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев Жетісай ауданында халықпен кездесуде айтты.
Жыл басынан бері Жетісай ауданы тұрғындарына 13 872 компьютерлік томография қызметі, 7 476 МРТ қызметі көрсетілді.
Қор филиалы директорының айтуынша, халықты медициналық қызметтермен қамтуды ұлғайту жөніндегі «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының негізгі міндеттерінің бірін орындау үшін тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне барынша тарту қажет.
Сонымен қатар, ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 12-бабына сәйкес, халықты медициналық көмекпен толыққанды қамтудың бірден бір жолы — жергілікті атқарушы органдардың тұрғындарды МӘМС жүйесіне тарту.
Мұнан соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Пазыловқа берілді. Отбасылық цифрлық картасын пайдалана отырып, МӘМС жүйесіндегі мәртебені өзектендіруге, медициналық қызметтерді де электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Аймақтағы барлық медициналық ұйымдарда аталмыш жобаға қатысады. Осы ретте, аудан, қала әкімдіктері тарапынан тұрғындардың мәліметтерін ақпараттық жүйелерге қайтадан енгізіп, пысықтау керектігі айтылды.
Жергілікті тұрғындарды медициналық көмекпен толықтай қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасының бас дәрігері Б.Өтеулиева баяндады.
Жиынды қортындылаған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Әбжанов мемлекеттік кірістер, көші-қон полициясы, АХАТ және тағыда басқа қатысты сала мамандарына іс-шара түзіліп, жұмыс жасауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*