Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Медицина саласының өкілдері Мақтарал ауданында халықпен кездесті

Медицина саласының өкілдері Мақтарал ауданында халықпен кездесті

Медицина саласының өкілдері Мақтарал ауданында халықпен кездесті. Жиынды аудан әкімнің орынбасары А.Ешенқұлова жүргізді.
Жиын барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген соң, салаға қаралған қаржы көлемі жылдан жылға артып жатқаның айтты.
Мақтаарал ауданы халқына медициналық көмек көрсетуге 7,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде, медициналық сақтандыру жүйесі пакеті бойынша көрсетілген қызметке 3,3 млн. теңге.
Бүгінде МӘМС қаражаты есебінен диагностика қызметтерін жекелеген санаттарына қарамастан алу құқығына ие болды. Жалпы, облыста 23 компьютерлік томография аппараты, 12 МРТ аппараты жұмыс істейді.
Қор өкілінің айтуынша, адам МӘМС жүйесі үшін БЖТ төлеуді бастаса, мәртебе алдағы үшінші айда ғана беріледі. Төлемнің бұл түрі республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін — 3 450 теңге, елдімекен тұрғындары үшін 1 725 теңге төлейді.
Жиын барысында сөз кезегі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Пазыловқа берілді. Отбасылық цифрлық картасын пайдалана отырып, МӘМС жүйесіндегі мәртебені өзектендіруге, медициналық қызметтерді де электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Аймақтағы барлық медициналық ұйымдарда аталмыш жобаға қатысады. Осы ретте, аудан, қала әкімдіктері тарапынан тұрғындардың мәліметтерін ақпараттық жүйелерге қайтадан енгізіп, пысықтау керектігі айтылды.
Жергілікті тұрғындарды медициналық көмекпен толықтай қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша «Атакент» Мақтарал аудандық ауруханасының бас дәрігері Ұ.Жұрымбетова баяндады.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары ішкі істер басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту бөлімі, қорғаныс істер бөлімі, жоғары не болмаса арнаулы оқу орындарының басшылары, мектеп және балабақша есепшілері, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындар қатысты атқарылатын жұмыстарды талдай келе, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды назарға алды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*