Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: 2024 ЖЫЛЫ СЕГІЗ ЖЫЛУ НЫСАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТ: 2024 ЖЫЛЫ СЕГІЗ ЖЫЛУ НЫСАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТЕДІ

Шымкент қаласында 2024 жылы 8 жылу нысаны жаңғырту, жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, «АДЦ-160 Гкал» қазандығына жаңарту жұмысы жүреді. «ТК-15-тен ТК-25-ке дейінгі жылу құбыры» және «ТК-4-тен ТК-5-ке дейінгі жылу құбыры», «РК-3», «К-24» және «К-54» қазандықтары, «РК-1» сорғы стансасын қайта құрылып, жылы жүйелері ағымдағы жөндеуден өтеді.

Жалпы Шымкентте жылу желілерінің ұзындығы 838,6 шақырым, олардың тозу деңгейі 37 пайызды құрайды. Сондай ақ, шаһарда 23 қазандық және 17 сорғы станциясы бар. 23 қазандықтың тозу деңгейі – 30,5 пайыз, сорғы станцияларының тозу деңгейі – 41 пайыз.
Бүгінгі күні қалада жылыту жүйелеріндегі мәселелерді шешу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Биыл жылу желілерінің тозуын азайтуда 8,7 шақырымдық жылу желілері ағымдағы жөндеуден өтеді.

Атап өтсек, 2025 жылы «РК-3», «К-54», «К-19», «ПМК-49» қазандықтарын қайта құру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Бұл жұмыстар жоспар бойынша атқарылса, 2025 жылы жылы жүйелерінің тозу деңгейі 30 пайыз құрайтын болады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*