Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КЕЛЕС: БІРЛЕСУДЕ ДӘРІГЕРЛІК ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

КЕЛЕС: БІРЛЕСУДЕ ДӘРІГЕРЛІК ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Келес ауданының Бірлесу ауылдық округі аумағын абаттандыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында сапалы инфрақұрылыммен қамту, ауылшаруашылығы саласында тың технологияларды жүзеге асыру сынды шаралар атқарылуда. Сонымен қатар тұрғындар сұранысын қанағаттандыру басты мақсат болып тұр. Жергілікті тұрғындар көтерген мәселенің бірі — ауылдық округі аумағынан дәрігерлік емхана салу болатын. Бұл мәселені аудан басшысымен өткен кездесуде бірлесуліктер көтерген еді. Бүгінгі таңда 28 гвардия елді мекенінен ФАП құрылысын жүргізу үшін арнайы 0,50 га жер ажыратылып, толықтай құжаттандырылды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Бірлесу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
— Қазіргі таңда «Абай Келес аудандық ауруханасы» МКК тарапынан 28 гвардия елді мекені аумағынан дәрігерлік емхана құрылысы үшін мемлекеттік актісі алынып, сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалды. Мәселе толық шешімін тапқанша өз бақылауымда болады. Сонымен қатар таяу күндері Бірлесу ауылдық округіндегі кезек күттірмейтін ішкі каналдармен қашыртқыларды тазалау үшін «Тұран Су» мекемесімен ішкі каналдар механикалық тазалаудан өткізілетін болады, — аудан әкімі.
Тұрғындармен кездесуге аудан әкімімен бірге аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев, дербес бөлім басшылары, құрылымдық бөлімдер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Тұрғындар көтерген мәселелерді шешу мақсатында арнайы іс-шара жоспары істеліп, жүйелі жұмыстар жүргізілмек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*