Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КЕЛЕСТЕ ТАМАҚТАН УЛАНУДЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

КЕЛЕСТЕ ТАМАҚТАН УЛАНУДЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жаз мезгілінде, яғни, ауа райының ыстық кезеңінде микроағзалар, соның ішінде ауру тудырушы бактериялар үшін қолайлы жағдай туындап, тағамнан улану қаупі арта түседі. Себебі, бұл уақытта микроағзалар жылдам көбейеді де, тағамдардың дайындалуы, сақталуы мен тасымалдануына қойылатын санитарлық талаптардың біреуінің дұрыс орындалмауы тікелей тағамнан улануға алып келеді. Бүгін Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әбілқасым Анарбаевтың қатысуымен жоғарыда аталған мәселе төңірегінде семинар өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
— Облыс аумағында тамақтан улану дерегі анықталғаны бойынша осы семинарды ұйымдастыруды жөн санадық. Өздеріңізге белгілі жылдың жаз мезгілдерінде өткізілетін шаралардың (тойлар) немесе өзге де шаралардың көбеюін ескере отырып, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудан тұрғындарының арасында тағамнан уланудың алдын-алу мақсатында азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, сүт өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау, ас мәзірін құрған кезде аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын қарастыру сынды ұсыныстарды назарларыңызға жеткізеді, — дейді басқарма басшысы.
Жиын барысында шағын микрообьектілерге санитарлық ағарту мақсатында ескертулер берілгені, нормотивтік актілік құжаттарға сәйкес ел арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды болдырмау, алдын алу шаралары жайында сөз қозғалды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*