Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ТҮРКІСТАН: ТІЗЕ БУЫНЫН ЕМДЕУДЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ҮЙРЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТІЗЕ БУЫНЫН ЕМДЕУДЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ҮЙРЕТІЛДІ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде «Тізе буынының эндопротезінің заманауи импланттары» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Онда буынының жаңа «XN» импланты таныстырылды. Бұл эндопротездің ерекшелігі – тізе буынының эндопротездерінің алдыңғы нұсқаларының кемшіліктері ескеріліп, жетілдірілген. Эндопротезді орнатуға арналған заманауи және жетілдірілген құрал. Мұның бәрі операция уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ МӘМС аясында қосалқы патологиялары бар, паркинсон ауруының ауыр түрімен ауыратын 63 жастағы пациенттің тізе буынын қазіргі заманғы имплантқа ауыстыру операциясы жүргізілді. М.Ғ.Д., Мәскеу қалалық РУДН кафедрасының профессоры Д.Римашевскийдің қатысуымен буынға жаңа «XN» имплантын орната отырып, артроздан зардап шеккен тізе буынын ауыстыру операциясы жүргізілді. Операция сәтті өтті.
Болашақта Түркістан облытық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесі ірі буындардың жаңа импланттарын енгізуді және осы тәсілді кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*