Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында омыртқаға ота жасаудың жаңа тәсілін игеру бойынша мастер-класс өткізілді.
Шеберлік сабақ «Технологии передного и передне-бокового межтелового спондилодеза в лечении дегенеративной патологии поясничного отдела позвоночника» тақырыбында болды.
Оны м.ғ.д. РФ Денсаулық министрлігі ФГБОУ ВО «Приволжский исследовательский медицинский университет» травматология, ортопедия және нейрохирургия кафедрасының доценті, Ресей Денсаулық министрлігінің ФГБУ «НМИЦ онкологии им.Н.Н.Блохина» жалпы онкология бөлімінің ғылыми қызметкері, Мәскеу қаласы «Ильинская больница» АҚ-ның хирург вертебрологы Млявый Сергей Геннадьевич өткізді.
Сонымен бірге, Түркістан облысы Облыстық клиникалық ауруханасына 2023 жылғы 21 қаңтарда «Ауыр политравма. Ашық бас миының жарақаты (ЧМТ). Мидың шайқалуы. Сол жақтағы маңдай, қас аймағының жұмсақ тіндерінің бірнеше соғылған-жыртылған жаралары. Сол жақтағы жабық кеуде жарақаты. Сол жақ 4-5-6 қабырғалар сынуы. Сол жақ гемоторакс. Іштің жабық жарақаты. Ішкі ағзалардың зақымдануы. Травматикалық шок 3-4ст. Кома-3» диагнозымен темір жол жарақатынан кейін шұғыл түрде өте ауыр жағдайда науқас жеткізілді.
Науқас жақын жердегі стационар қағидасы бойынша жедел медициналық жәрдем машинасымен Облыстык клиникалық ауруханаға жеткізілді. Шұғыл түрде кезекші хирург дәрігерлері басына, кеудесіне, іш қуысына бірнеше операция жасады. Науқас өте ауыр жағдайда, өкпені жасанды желдету аппаратында, кома жағдайында, №2 реанимация бөлімінде болды.
Дәрігерлер мен реанимация бөлімінің барлық медициналық қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында науқас 17-ші күні комадан шықты. Бір аптадан кейін науқас жағдайының жақсаруына байланысты бейінді бөлімшеге ауыстырылды.
Қазіргі уақытта науқасты ауруханадан шығаруға дайындық жүріп жатыр.
Ал, Түркістан облысы Түркістан облыстық балалар ауруханасында «Жұлдызай» Корпоративтік Қайрымдылық Қорының демеуімен балалар кардиохирургиясы бойынша шеберлік сабақ өткізілді.
Аталған іс шараға Белорусь Республикасының танымал балалар кардиохирургі Ю.И.Линник және анестезиолог кардиореаниматолог В.Ю.Назарова қатысты. Шеберлік сабақтың шеңберінде оталар жасалынды.
Кардиохирургиялық пациенттерге кеңес жүргізілді. Онымен қоса аудандардағы дәрігер кардиологтарға «Балалардың арасында жүректің туа біткен ақауларының ерте диагностикасы» тақырыбында дәріс және семинарлар өткізілді.