Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жұмысымен, материалды-техникалық базасымен танысып, бөлім меңгерушілермен кездесу өткізді.
Жаңа басшы Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы мамандарының қызмет көрсету сапасы көрсеткіштері жақсы екенін атап өтіп, осы деңгейді ұстау үшін негізгі бағыттарға тоқталды.
Ең бастысы — кадр мәселесіне жеткілікті көңіл болу, медицина қызметкерлерінің кәсіби білімдерін жүйелі түрде стратегиялық жоспарлау. Кадрларды мекемелерде тұрақтандыру, оларға жағдай жасау. Асхан Мархабайұлы орта буын медицина қызметкерлерімен ерекше жұмыс жүргізу туралы айтып өтті, олардың білімін арттыру, әр мейірбикенің қабілеттігіне қарай жұмыс орнына қою, ата-аналармен тіл табысу үшін коммуникативтік дағдыларына көңіл бөлу туралы атап өтті.
Облыстық балалар ауруханасы 427 төсек орынға арналған құрамында 31 педиатриялық бейінді төсектері бар ірі балалар ауруханасы. Басымды бағыттары болып саналатын балалар кардиохирургиясы, неонатальды хирургия, нейрохирургия, жарақат және травматология, офтальмология. балалар хирургиясы (торакальды хирургия, урология, оториноларингология, бет-жақ хирургиясы), кардиология және ревматология, эндокринология мен аллергология және т.б. бейіндер бойынша жоспарлы және шұғыл түрде МӘМС аясында көрсетіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*