Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша Денсаулық күні аталып өтті. Осыған орай орай облыстық денсаулық сақтау басқармасымен жүзеге асатын «Салауатты университеттер» жобасын іске асыру бойынша жұмыс жоспары таныстырылды.
Аталған шараға университет ұжымы мен студент жастар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты.
Жиында сөз алған оқу орда ректоры Жанар Темірбекова:
«Барлығымыз ерекше күнде, маңызды жиында отырмыз. Себебі бүгін денсаулық күні, оны дүниежүзі атап өтуде. Осы орайда біздің университет «Салауатты университет» атауын алғанын қуанышпен жеткізгім келеді. Ендігі кезекте қоғамға пайдалы болуды көздейтін оқу ордамыздың қызметкерлері мен студент жастары, ары қарай да белсенді түрде салауатты өмір салтын ұстанып оны насихаттайды деп сенемін»,-деді.
Ректор Өкілі Пеями Баттал: «Айтулы күнмен баршаңызды құттықтаймын. Денсаулық бәрінен қымбат. Университетіміз бүгінгі таңға дейін медициналық бағытта біршама игі істер атқарып келеді. «Ана жұрттан-ата жұртқа» денсаулық көпірі жобасы аясында клиникамызға көптеген құрал-жабдықтар мен қажеттіліктер келді»,-деді.
Сонымен қатар Түркістан қалалық емхана басшысы Райымбек Тасырбаев: «Денсаулық күні құтты болсын. Бүгінгі жиынның маңызы зор. Себебі әлем халқы осы күнді атап өтуде. Біз де өз тарапымыздан ашық есік күндері мен халық көп шоғарланатын орындарда медициналық қызмет көрсетуді жасап жатырмыз. Сондай-ақ өңір медицинасының әлеуетін көтеруде үнемі алғашқы болып қол ұшын беретін университет басшылығына алғыс білдіргім келеді. Алдағы уақытта да қоян-қолтық жұмыс жасап, маңызды мәселелерді шешуде қолдау білдіретіндеріңізге сенім артамын»,-деді.
Айта кетейік, биылғы жыл ДДҰ-ның ұйымының құрылғанына 75 жыл.
«Салауатты университеттер» жобасы республиканың жоғары оқу орындарының денсаулықты нығайтудың үйлесімді және кешенді саясаты мен бағдарламасын қабылдауды көздейді. Жоба олардың әлеуетін айтарлықтай арттырады және жалпы халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді, сонымен қатар:
— өз саясаты мен тәжірибесі арқылы студенттердің, қызметкерлердің және жалпы қоғамның денсаулығын қорғау және әл-ауқатын арттыруда;
— денсаулықты нығайтуды оқытумен, оқумен және зерттеумен байланыстыруда;
— Салауатты өмір салтын насихаттауда маңызы зор.
Жиын барысында «Салауатты университет» жобасын іске асыру бойынша Жас ғалымдар кеңесінің Төрайымы Балнұр Омарова арнайы баяндама жасап, негізгі міндеттеріне тоқталды.
Денсаулық күні аясында оқу ордамызда ғылыми семинарлар мен турнирлер өтеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*