Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТАНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛЫН КӨРСЕТТІ

ТҮРКИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТАНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛЫН КӨРСЕТТІ

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-диагностикалық орталығына «Ана жұрттан ата жұртқа — денсаулық көпірі» жобасы аясында Түркиядан білікті дәрігерлер келді.
Дәрігер-урологтар проф. Мұстафа Кемал Атилла мен Проф. Махмут Улубай зәр шығару жүйесінің түрлі патологиялары бар алдын ала таңдалған науқастарға бірқатар урологиялық оталар жасады. Оталар Клиника-диагностикалық орталықтың Бейне-оқыту залынан тікелей эфирде көрсетілді. Проф. Мұстафа Кемал Атилла семинарға қатысушы дәрігерлер мен медицина факультеті студенттеріне тікелей көрсетілім барысында отаның орындалу әдістері мен техникаларын түсіндірді.
Сондай-ақ, талқылау барысында туындаған тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жүргізілген урологиялық оталардың басты ерекшелігі – туа пайда болған гипоспадияның асқынуы нәтижесінде ересек шағында қайталануы оқиғаларын алдағы уақытта еш асқынусыз және қайталанбайтын жағдайда жаңа, ешқандай ғылыми әдебиеттерде кездеспейтін, өздерінің ойлап тапқан тың әдістерімен жасауында. Профессорлардың ойлап тапқан гипоспадиядағы жаңа хирургиялық әдістің нәтижесінде әлі күнге дейін ешқандай асқынулар орын алмаған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*