Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев Түлкібас аудандық орталық ауруханасының және облыстық оңалту орталықтарының жұмыстарымен танысты.
Басқарма басшысы Асхан Мархабайұлы Түлкібас аудандық орталық ауруханасына қарасты Састөбе елді мекенінде орналасқан Састөбе бөлімшесі мен Састөбе БМСКОО бастап, аудандық емхана, аурухананың қабылдау жансақтау, перзентхана, балалар және ота бөлімдерін аралап көрді. Ауруханада жатқан науқастармен кездесіп, жағдайын сұрады.
Аурухана басшысы Жаннат Тоғайбекова аудандық ауруханада атқарылып жатқан жұмыстар, оталар, заманауи лапараскопиялық құрылғымен жасалып жатқан гинекологиялық,хирургиялық оталар, жарақат бөлімінде ЭОП арқылы жасалып жатқан күрделі оталар мен медициналық құрал-жабдықтармен таныстырды. Аудан халқына заманауи аудандық емхананың қажеттілігін айтып өтті.
Аурухананың мәжіліс залында медицина қызметкерлерінің қатысуымен медицина саласының маңызды мәселелері талқыланып, мәжіліс өткізілді.
Одан бөлек, басқарма басшысы «Ақ-Бұлақ» оңалту орталығы мен «Балықшы» оңалту орталықтарын аралады.
«Ақ-Бұлақ» оңалту орталығының бас дәрігері Нұрхан Нарымбетова және «Балықшы» оңалту орталығы бас дәрігері Асхат Тұрарұлы мекемедегі жетістіктер мен проблемаларымен бөлісіп, шешу жолдарын басшымен ақылдасты.