Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының жоғары білікті мамандары Түркістан облысына іссапармен келді. Білікті мамандардан құралған делегация өңір тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп, кеңестерін беріп жатыр.
– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылға арналған денсаулық сақтау саласында үйлестіруді жүргізу және әдістемелік нұсқаулық жөніндегі кейбір мәселелері туралы бұйрығына сәйкес және өңірде ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету үшін білікті мамандарымызбен Түркістан облысының тұрғындарына консультациялық кеңес беруге келдік. Басты мақсатымыз – халыққа қолжетімді медициналық көмек көрсету және тәжірибемен алмасу. Алдағы уақытта да, халықтың денсаулығы үшін мұндай ауқымды шаралар жалғасын табатын болады, – деді «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» АҚ төрағасы Марат Пашимов.
Институттың жетекші мамандары Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында облыстың 200-ге жуық тұрғынына кеңес беріп, диагностикалық және емдеу шараларын өткізуде. Олардың арасында кардиохирург, аритмолог және кардиолог мамандары бар.