Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » НЕВРОПАТОЛОГ-ДӘРІГЕРЛЕРГЕ «ЭПИЛЕПСИЯ МЕКТЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ

НЕВРОПАТОЛОГ-ДӘРІГЕРЛЕРГЕ «ЭПИЛЕПСИЯ МЕКТЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ

Шетелдік ғалымдардың және Түркия мен Қазақстанның жетекші эпилептолог дәрігерлерінің қатысуымен «Эпилепсия мектебі» тақырыбындағы халықаралық семинар өткізілді.
Семинарға Қазақстанның барлық қалаларынан келген невропатологтар, нейрохирургтар мен нейрофизиологтар, нейровизуалистер және Түркиядан келген профессорлар қатысты.
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс невропатологы, профессор Н.Жарқынбекова Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі эпилепсия бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндама жасады.
Семинарда Түркиядағы және Қазақстандағы эпилепсияны емдеу мәселелері мен жолдары көтерілді. Шетелдік қонақтар Түркістан облысының және Шымкент қаласының емдеу мекемелері мен емханаларының невропатологтарымен науқастардың жағдайына қарай диагностикалау, дәрі-дәрмектерді тағайындау және клиникалық жағдайларды талдады.
Сондай-ақ Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында науқастар қаралып, сұрақтарына жауап алды.
Семинар соңында фокус-топ құру туралы шешім қабылданды, оның құрамында невропатологтар, нейрохирургтар, нейрофизиологтар және нейрорадиолог болады. Олар Түркиядан келген профессорлардан эпилепсияға дейінгі диагностика және хирургия бойынша оқытылатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*