Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ӨКПЕГЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ТАЖАЛ

ӨКПЕГЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ТАЖАЛ

Шылым шегудің ағзаға тигізетін пайдасы жайлы қандай деректеріңіз бар? Бұл сұраққа бірде-бір жағымды жауап таппайсыз. Ал керісінше, оның зияны туралы бірқатар дәлелдерді келтіруге болады.

Адамның шеккен алғашқы темекісі оның басын айналдырып, жөтелдіріп, жүрегін айнытып, басын ауыртып көптеген жағымсыз әсерлер беретіні белгілі. Байқасаңыз адам табиғатының өзі оны сақтандырып тұрған тәрізді. Әйтсе де, жас адамның ересек көріну, қатарынан қалмау, кәнігі шылымқор болып көрінгісі келуі сияқты орынсыз тілектері оны шылымды үсті-үстіне шегуге итермелейді. Адам темекіге деген ағзасының табиғи жиренішті реакциясын жеңіп, ағзасын темекі түтініне үйретеді.

«Соның ішінде созылмалы обструктивті өкпе аурулары – нақты бір ауру емес, бұл өкпеге келіп тұратын ауа ағымының шектелуіне алып келетін созылмалы өкпе аурулары үшін қолданылатын жалпылама термин. Бұл темекі шегушінің жай жөтелі емес, жеткілікті түрде диагноз қойылмайтын, өмірге қауіп төндіретін өкпе ауруы. СОӨА негізгі белгілері ентікпе немесе ауа жетіспеушілік сезімі, қақырықтың көп бөлінуі және созылмалы жөтел болып табылады»,- дейді Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары.

Темекі шегетіндер көптеген қиындықтарға тап болады. Біріншіден, шылым шегуші темекіге деген тәуелділіктен өз бетінше арыла алмайды. Екіншіден, одан құтылу үшін көптеген қаржы жұмсау қажеттілігі артады. Үшіншіден, аз-аздан зақымдалған ағзаға біртіндеп көптеген аурулар «қоныстай» бастайды. Кейін олардың темекі шегетін ата-анадан балаға «көшетінін» тағы бір есептеп қойыңыз. Оның үстіне темекі түтіні шылым шегушінің ғана емес, оның жанындағы адамдардың да денсаулығына зиян тигізетінін қосыңыз. Сонда бір темекінің бір адамның емес, қоғамның денін құртатынына көз жеткізуге болады.

Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*