Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады

Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз, деп айтқан болатын.

Жыл басынан Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы орынбасары Мақсат Жанұзақұлы мәлімдеді. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді. Нақты айтатын болсақ төмендегі жұмыстар жүргізілді.

— протездік-ортопедиялық көмек құралдарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 4370 өтініш қабылданып, 2 795 құрал қамтылды.

— сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 12 313 өтініш қабылданып, 10 150 құралдармен қамтылды. —

мүгедектерге арналған қол арба құралдарына 777 өтініш қабылданып, 680 құрал қамтылды.

— жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 686 азамат мұқтаж болса, 2 637 азаматқа қызмет көрсетілді.

— 9 713 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 2 727 азамат қамтылды.

— мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 28 көлікке 483 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілуде.

Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.

Сонымен қатар, арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Осы бағытта басқармаға қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары бар, орталықтарда 1 116 қызметкерлер қызмет көрсетеді. Есепті 6 ай кезеңге 3065 адам оңалту шараларымен қамтылды. Оның ішінде: • стационар жағдайда – 676 азамат (оның ішінде үлкен 536, балалар 140);

• жартылай стационар жағдайда – 297 азамат;

• оңалту орталығына — 268 азамат;

• үйде қызмет көрсету жағдайда – 936 азамат;

• уақытша болу жағдайы – 452 азамат;

• үкіметтік емес ұйымдар арқылы – 436 қызмет, алушы (оның ішінде 156 жартылай стационар 280 үйде қызмет көрсету.)

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*