Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкент: адам құқықтарын қорғауда ынтымақтастық орнатылды

Шымкент: адам құқықтарын қорғауда ынтымақтастық орнатылды

Шымкент қаласында адам құқықтарын қорғау бойынша ынтымақтастық орнатылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында адам құқықтарын қорғау мәселелері мен азаптауға және басқа да келеңсіздіктерге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.

Омбудсмен адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, әсіресе оның өңірлік өкілдіктерінің жергілікті деңгейде адам құқықтарын қалпына келтірудегі маңыздылығына тоқталды.
Басқосуға қалаға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, сондай-ақ прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшылары қатысты. Кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде адам құқықтарын қорғаудағы нәтижелі жұмыстар талқыланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мәселелері қарастырылды. Мұрат Дүйсенбекұлы барлық құзырлы мекеме басшыларын Конституция талаптарын қатаң сақтауға және осы бағыттағы шараларды бірлесе атқаруға шақырды. Омбудсмен адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, әсіресе оның өңірлік өкілдіктерінің жергілікті деңгейде адам құқықтарын қалпына келтірудегі маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Ұлттық превентивтік тетіктің рөлін арттыруда, азаптауларды болдырмау және олардың алдын алу мәселелерінде жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе тығыз жұмыс жүргізуге сенім білдірді. Мәжіліс соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, аталған бағыттарда бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
Сонымен қатар, сапар барысында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Шымкентке арнайы іссапары барысында аталмыш орталықты аралап, ерекше балаларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік оңалту шараларымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Басқарма басшысының орынбасары Копжан Тұрлыбеков пен орталық директоры Камилла Ауанасова омбудсменге жалпы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*