Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ НАЗАРДА

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ НАЗАРДА

Сыбайлас жемқорлық – әзірше әлемнің бір-де бір елі жеңіп шыға алмаған әлеуметтік індеті. Сыбайлас жемқорлыққа шек қоюға, әлеуметтік қатынастарды қоғамға зиян келтіріп мүмкіндіктерін асыра пайдаланудан мүмкіндік шегінде жағдай жасауға болады.

Қазір алдыңғы қатарлы елдерді қоса алғанда барлық елдер жаңа қауіптерді ескере отырып сыбайлас жемқорлықпен күрестің өз үлгілерін қайта қарауда. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде жаңа заңдар қабылдап жатыр.

Сыбайлас жемқорлық, коммерциялық қызметте әлде ықпал  үшін қажет элемент болса, нарықтық бәсекелікте негізделген онсыз ұзақ мерзімді экономикалық өсуі мен дамуы мүмкін емес, экономиканың дамуына маңызды шектеу және кедергі жасайды.

Бақылауға алынбайтын сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті зардабы мемлекет және  қоғамның өз арасындағы жүйелі негіздегі қарым-қатынасқа зиян болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа деген қоғамның немқұрайлылығы және төзімділігі, адамдармен қоғамдық мүддеге қауіп сияқты емес, мінез-құлық нормасы болып қабылданып кеткен сыбайлас жемқорлық, құқықтық мемлекеттің құрылған фундаментін бұзуға бейімделген бақылаудан шыққан күш болуының кепілдігі болып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.

 

Сауле РЫСҚҰЛОВА,

Әл-Фараби ауданы бойынша МКБ

мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*