Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жаңа Жолдау – жақсылықтың жаршысы

Жаңа Жолдау – жақсылықтың жаршысы

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жаңа кезекті Жолдауын жариялады. Жалпыұлттық жаңғыруға бет бұрған Жаңа Қазақстанды даму даңғылына бастайтын бұл Жолдаудың да жағымды жаңалықтары аз емес.
Әсіресе, жаңа экономикалық саясатқа басымдық бере отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастру, туристік әлеуетімізді арттыру, отандық өнім өндірушілерді қорғау секілді баянды бастамаларды бағдар ете отырып, ел экономикасының тұрақты өсуіне қол жеткізу біздіңше құптарлық-ақ қадам. Сондай-ақ, салық саясатының тиімділігін арттыру, ұлттық қордың қаржысын ұқыптылықпен жұмсау, сирек кездесетін металл кеніштерін игеру, қорғаныс өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту секілді ұнасымды ұсыныстар да Әділетті Қазақстан басшысының «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру арқылы ілкімді іске бел шеше кірісіп отырғанын байқатады.
Ең бастысы, қоғамның басты құндылығы – адам екенін атап көрсеткен ел Президенті ауыл халқының әлеуетін арттырудың бәрінен де маңызды екенін мәлімдеп, агроөнеркәсіп кешенін биікке өрлетуде таяу болашақта қолға алынуға тиісті меже-міндеттерді де айқындап беріпті.
Демек, жаңа Жолдаудағы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жаңа бастамалар бізді де бейжай қалдырмайтыны анық. Өйткені, «Білімнен қуатты күш жоқ» дегендей, ұлт сапасын жақсарту үшін ең алдымен ұлтжанды да ұжданды, білімді һәм байсалды ұрпақ тәрбиелеу бәрінен де өзекті.
Сондықтан Мемлекет басшысының мектепке дейінгі тәрбие жұмысын басты назарға алып, орта білімнің сапасын арттыруды табысты ұлт болудың маңызды шарты ретінде қарастыруын, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектепті салып, «Ұлттық қор – балаларға» жобасын қолға алуын қуана қолдауға болады.
Яғни, 2025 жылға қарай, 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына қолайлы жағдай жасау, интернет ресурстарын барынша қолжетімді ету, мұғалім мәртебесін одан әрі биіктету, кадр тапшылығын түбегейлі шешіп, отандық жоғары оқу орындарындағы білім сапасын мейлінше арттыру, ЖОО түлектеріне жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнату, студенттерді толыққанды талапқа сай жатақханалармен қамтамасыз ету – бәрі де татулық пен тұрақтылықты ту еткен, өсіп-өркендеу жолындағы Жаңа Қазақстанның бағытының дұрыс екенін анық аңғартады. Олай болса, Мемлекет басшысының маңызды Жолдауын тиісінше талқылап, саналы жастың зердесіне құйып, қоғам болып қолдап-қуаттау баршамызға парыз деп білеміз.
Р. Камалдинов, М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*