Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «VISIT SHYMKENT»: СЕМИНАР ТРЕНИНГ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРМАҚ

«VISIT SHYMKENT»: СЕМИНАР ТРЕНИНГ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРМАҚ

Мемлекет басшысы туризм саласына ден қою керегін үнемі тапсырып келеді. «Тағы бір маңызды мәселе. Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет», деді Қ. Тоқаев.

Шымкентте қонақ үй және мейрамхана бизнесі әкімшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар тренинг өтті. Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған бұл іс-шараға көршілес елден мамандар келіп қатысты. Тренингте қызмет көрсету саласының әкімшілері өз білімдері мен дағдыларын кеңейтіп, туристік саланың жетекші мамандарынан құнды тәжірибе алып, біліктілігін шыңдады.
Семинар-тренингті қонақ үй және мейрамхана саласының мамандары, 25 жылдан астам тәжірибесі бар бизнес-тренер Гүлнар Жүнісова мен Өзбекстандағы «Ишга Мархамат» кәсіби білім беру орталығының бірінші топтағы батлерлерді дайындау бойынша эксперті, ғылым кандидаты Александр Машков жүргізді. Арнайы шақырылғансм спикерлер қатысушыларға теориялық дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізіп, өз білімдерімен бөлісті.
Тренингте қонақ үй және мейрамхана бизнесінің әкімшілері: қабылдау және орналастыру қызметінің жұмысын реттейтін стандарттар, қонақ үйдегі ұйымдастыру құрылымы, сату бөлімі мен нөмірлік қордың жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ банкеттер мен конференц-залдарды сату, жұмыс құжаттамасының нысандары, Front Office операциялық басқару жүйесін таңдау саласында білімдерін толықтырып, нөмірлік қор қызметінің жалпы стандарттары, мейрамханада қызмет көрсету стандарттары мен қызмет көрсету ережелері, «Түнгі аудит», «Бөлменің компоненттерін ақылға қонымды пайдалану тәсілдері» секілді кейстермен танысты. Барлық алынған білім мен дағдылар практикалық сабақ түрінде де жүзеге асырылды.
Айта кетейік, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы жыл сайын оқыту семинар-тренингтерін өткізеді. Былтырғы жылы қонақ үй және мейрамхана бизнесінің 50-ден астам әкімшілері білімдерін толықтырған.
Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*