Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ» 20-ДАН АСТАМ ТҰРҒЫНҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ» 20-ДАН АСТАМ ТҰРҒЫНҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Медиация апталығы аясында қаладағы «Достық үйі» ғимаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті.
Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Л.Ақшегірова, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ жаттықтырушы-медиаторы Н.Оразкұлова, медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор С.Абдукаримова қоғамдық қабылдау өткізді.
Республикалық акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық мәселелер, азаматтар арасында туындайтын даулар бойынша тегін консультациялық кеңестер беруді мақсат еткен.
Шара барысында медиация арқылы көптеген даулардың шешімін табуға болатынын, атап айтқанда, азаматтық, еңбек, отбасылық дауларды, қаржы, банк саласында шешілмей жүрген мәселелер мен қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығындарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша отбасы-тұрмыстық қатынастығы істерді, әкімшілік әділет бағытында орын алатын әкімшілік дауларды да сотқа дейін шешуде медиаторлардың өз орны бар екендігі түсіндірілді.
Апталық аясындағы «Ашық есік күнінде» 20-дан астам қала тұрғыны отбасылық және әлеуметтік мәселелер бойынша құқықтық кеңес алды.
Айта кетсек, Шымкент қаласында медиация апталығы барысында халық арасында 70-ге жуық сауалнама жүргізіліп, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғамның әл-ауқатының кепілі» челленджі жарияланды.
Қазіргі таңда 6 кәсіби, 6 қоғамдық медиатор халық арасында түсіндіру, этномедиация ұғымын ілгерілету бағытында бірлесе жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Халықаралық медиацияға ерекше көңіл бөлінуде. Биылдың өзінде шетел азаматтарының қатысуымен 200-дей медиативтік келісім жасалды. Медиация практикасы – қоғамның кемелдену белгісі, азаматтық сана-сезімнің белгілі бір деңгейі.

Әрине, этносаралық қайшылықтарды, жанжалдарды реттеу тұрғысынан медиацияның үлкен болашағы бар. Өзінің табиғаты бойынша ол жария емес, көзге түсе бермейді, көбінесе құпия сипатқа ие, сондықтан жұртшылыққа беймәлім. Бірақ оның рөлі өте маңызды және уақыт өте келе үнемі өсетін болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*