Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БАРШАМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ

БАРШАМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы құқық бұзушылықтың негізгі ұғымдарын, субъектілері мен түрлерін, қағидаларын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі  іс-шараларын айқындайды. Азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғайды. Сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көрініс. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді.

Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Жемқорлықтың аты – жемқорлық. Ал, теориялық аспектіден қарайтын болсақ, жемқорлықтың түрлері бар. Атап айтқанда, «саяси», «экономикалық», «халықаралық» жемқорлық пен «төменгі» жемқорлық. Яғни, «элиталық» анда-санда кездессе де, ол жемқорлықтың көлемі ауқымды болады. Ал,ең қауіпті жемқорлық – күнделікті тұрмыста кездесетін «төменгі» жемқорлық болып табылады. Олар, оқу орындарында, бала-бақшада, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласында кездеседі. Елдің экономикасын артқа тартатын, бәсекелестікке кері әсер ететін жемқорлық – «төменгі» жемқорлық.  Халық арасында, мектеп деңгейіндегі оқушылардың сана-сезіміне осы жемқорлық жат құбылыс екенін жеткізу болып табылады.

Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік орындарында қауіпті. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметкерлердің шешімін қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп беруінің, шенеуніктерді қадағалауының жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекеленген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сондықтан бұл міндетті аброймен орындайық.

 

Ғ.МУРАТОВ,

азаматтық қорғау подполковнигі,

Абай ауданы төтенше

жағдайлар бөлімінің бастығы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*