Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: 53 893 ОҚУШЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: 53 893 ОҚУШЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Мемлекет басшысының Жолдауындағы маңызды мәселенің бірі – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады – деген Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы олқылықтар мен атқарылар жұмыстарды жіпке тізгендей етіп айтып берген болатын.Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды – деген болатын өз Жолдауында Мемлекет басшысы.

Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұргүл Шамшиева оқушылардың жаз мезгіліндегі демалысы, жаңа оқу жылына дайындық, мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету бойынша баспасөз брифингін өткізді.
Білім басқармасының мәліметінше, шаһарда білім беру ұйымдары жаңа оқу жылында 48 мекемеге артып, жалпы саны 946-ны құрады. Оның ішінде, 30 балабақша, 15 мектеп, 1 оқушылар сарайы жаңадан жұмысын бастайды.
—2023 жылы 1-ші сыныпқа 27 000 оқушы қабылданып отыр. 53 893 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар шілде айында аяқталды. Қазіргі таңда мемлекет есебінен 7241 бала, демеушілер есебінен 9474 бала қала сыртындағы лагерлерде демалуда. Жалпы 215 жазғы сауықтыру лагерлері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырды, — деді басқарма басшысы.
2023 жылдың қыркүйек айында 2 845 орындық 30 балабақша, 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқитын 3 мектеп мәселесі қыркүйек айында толық шешіледі.
Ж. Тәжиева білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, мектептерде қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтті.
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ОҚМПУ-мен бірлесе 10-24 шілде аралығында қала мектептерінің 2023-2024 жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізген. Департамент басшысы жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, бейнебақылау жүйесі, асхана, спорт залдарының, турникеттерінің болуы және жылдам басқару орталығына қосылу жұмыстарына бақылау жүргізіліп, бірқатар мекемелерге ескерту берілгенін атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*