Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ОРТАҚ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕСУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

ОРТАҚ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕСУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Сыбайлас жемқолықпен күресу – қоғам­ның және әр азаматтың ортақ ісі, ортақ міндеті екенін әр қазақстандық,  әр отбасы түсінуі керек.

Ұлы Абай атамыз «Ұрпағыңызға  асыл  мұра ретінде арсыздықты әкелетін бай­лықты емес, тәрбие, білім, имандылықты қалдыр» деген екен. Сыбайлас жемқорлық – адам табиғатының бұзылуына, адамгер­шіліктің тапталуына, адамдардың бөлінуіне  әкеледі. Бұл — қоғамдық сананың рухани жақтан емес, материалдық тұрғыдан дағдарысқа ұшырауы.

Шымкент қаласы Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу тұрақты жолға қойылған.

Мектебімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен 12-бабы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер», 13-бабы «Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет», 14-бабы «Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу», 15-бабы «Мүдделер қақтығысы» баптарын басшылыққа алып жұмыс жүгізіліп келеді. Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің стендтері және сыбайлас жемқорлық бойынша білім бөлімі тарапынан жолданған плакаттар мекеменің кіре берісіне немесе фоесіне ашық жерге ілініп, мекеме қызметкерлері арасында кеңінен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Мектебімізде түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мекемеге қажетті кеңсе заттарымен шаруашылық заттарын сатып алу және оқу жылының соңында сынып бөлмелерін жөндеу, көркемдеу, ата-аналар тарапынан капилкаға, театрлық қойылымдар, концерттік билеттерге және тағы басқа мақсатта ата-аналардан, ата-аналар комитеті атынан заңсыз ақша жинауға, педагог қызметкерлердің біліктілігін көтеру мақсатында аттестаттаудан өткізуге, марапаттауға байланысты мұғалімдерден  заңсыз  ақша жинауға қатаң түрде қатаң түрде тыйым салынған.

Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицей

директоры Р.Алмаханқызы, Шымкент қаласы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*