Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » БАСҚОСУДА БІЛІКТІ МАМАНДАР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕРІН ҰСЫНДЫ

БАСҚОСУДА БІЛІКТІ МАМАНДАР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕРІН ҰСЫНДЫ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» шымкенттік аналармен кездесуін жалғастыруда. Кезекті басқосу «Бақытты жанұя» орталығына қарасты әлеуметтік осал санаттарға жататын аналар арасында өтті.
Іс-шараның мақсаты – қиын жағдайға тап болған әрбір әйелге психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету. Сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету, ең маңыздысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жанжалға тосқауыл қою.
Басқосуда әйелдер кеңесінің мүшелері, полиция қызметкерлері аналарға жан-жақсы қажетті кеңестерін ұсынды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, еркін пікір алмасты.
Жалпы қоғамда әйел адамының орны ерекше. Шаңырақ шаттығы саналатын нәзік жандыларды тұрмыстық зорлықзомбылықтан қорғау мемлекеттің басты назарында. Бүгінде әрбір отбасында әйелдің рөлі айшықталып, айрықша жағдай жасалуы тиіс. Кез-келген уақытта әйелдің құқығы шектелмеуін қамтамасыз ету керектігін ескерген жөн. Түрлі сипатта өзге біреуден жәбір көретін олардың еркін өмір сүруіне қолайлы орта жасай отырып, бойындағы ауыртпалықты аз-кем болса да арылта аламыз.
Қандай жағдай болмасын, ұрыс-керіс, түсініспеушілік екі жанның бір-біріне деген сенімімен шешіледі. Ал жұптасқан жандардың құпиясын сақтау, әрбір отбасы мүшесімен жұмыс жүргізу тиісті мемлекеттік және үкіметтік емес органдағы зорлық-зомбылықтың алдын алумен айналысатын қызметкерлердің жұмысы. Ол адамдар да қиындық туындаған отбасының бақытты өмір сүргенін қалайды.
Іс-шара барысында «Бақытты жанұя» орталығында тігіншілік мамандығын меңгерген қыз-келіншектер көрме ұйымдастырып, қолынан шыққан ісмерлік бұйымдарын көрсетті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*