Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫНДА 235 ҮЙГЕ СЫҒЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫНДА 235 ҮЙГЕ СЫҒЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.
2023-2024 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша 447 көп қабатты тұрғын үйге аудан әкімі аппараты мен «Қуат жылу орталық-3» МКК бірлесіп сығымдау жұмыстарын жүргізуі үшін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары арнайы іс-шара жоспарын бекіткен болатын.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Қаратау ауданындағы жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстарын 8 қызмет көрсетуші мекеменің 12 арнайы бригадасы сығымдау жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда, аудан аумағындағы 447 көп қабатты тұрғын үйдің 235-інде сығымдау жұмыстары аяқталды. Қалған 212 көп қабатты тұрғын үй бекітілген жоспарға сәйкес, қыркүйек айының 15-не дейін сығымдаудан өтетін болады.
Санитарлық тазалау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 7 аумаққа бөлініп, оған Қаратау ауданы әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітіліп, жұмыс атқарылуда. 2023 жылдан бастап аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан атқарылуда.
2023 жылы аудан тұрғындарының қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды.
190 мыңнан астам тұрғыны бар ауданда 2022 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындар арасында келісім-шарт түзу көрсеткіші 99% құрап отыр. Аталған көрсеткішті ағымдағы жылы 100%-ға жеткізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс алаңшаларына 2022 жылы аудан әкімі аппараты тарапынан 375 жаңа қоқыс контейнер орнатылып, 46 қоқыс алаңшасының орны абаттандырылса, 2023 жылы 127 жаңа қоқыс контейнері орнатылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*