Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ЕЛ ТІРЕГІ – АТА ЗАҢ»

«ЕЛ ТІРЕГІ – АТА ЗАҢ»

Бүгін қаламыздағы Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығында Конституция күніне орай «Ел тірегі – Ата заң» атты мерекелік іс-шара өтті.
Аталған шарада Әнұран шырқалып, Көк Туымызға құрмет көрсетілумен басталып, сарбаздар рухты көтеретін патриоттық әндерді шырқады. Орталық директоры Бахтияр Спанов алғы сөзді бастап, мерекемен құттықтай отырып, салтанатты іс-шараны ашып берді. Шара барасында Ұлы дала заңдары мен «Жеті жарғыны» байланыстыра отырып Ата Заңымыз туралы бейне-көрініс көрсетілді.
Арнайы шақырылған қонақтар М.Әуезов атындағы ОҚУ проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, ҚР Журналистер одағының мүшелері Бейсенкүл Нарымбетова, Әсет Әссанди, Зәуре Оралбаевалар Ата Заң туралы өз ой-толғамдарын жеткізді. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ақын, Халықаралық, Республикалық айтыстардың жеңімпазы Бөрібай Оразымбет, ақын Зікірия Ходжаев т.б. және БАҚ өкілдері қатысты.
«Көркем» әжелер тобы ән айтып, сарбаздарға Конституция туралы сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сый-сияпаттар табысталды.
Іс-шара соңында Бахтияр Әбілұлы белсене қатысқандарға ұжым атынан ризашылығын білдіріп, арнайы Алғыс хатпен марапаттап, қонақтар мерекелік көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Айта кетейік, бүгін Шымкенттегі «Түркістан» сарайында 30 тамыз — Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйледі.
Ол Мемлекет басшысының елімізді саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңғыртып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру мақсатында жүйелі реформаларды жүзеге асырып келе жатқанына тоқталып өтті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің құқықтық жүйесінің ғана емес, бүкіл мемлекеттілігіміздің негіздерінің бірі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*