Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АТА ЗАҢ – ХАЛЫҚТЫҢ ЕРКІНДІГІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН АЙШЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТ

АТА ЗАҢ – ХАЛЫҚТЫҢ ЕРКІНДІГІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН АЙШЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТ

Еліміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасы зайырлы, құқықтық-демократиялық мемлекет деп көрсетілген. Конституцияның 3-бабы 1-тармағында «Биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жазылған. Демек, халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану – халық суверенитетінің көрінісі. Халық – өз билігін тікелей республикалық референдум және сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ билік жүргізуді мемлекеттік органдарға тапсырады. Халықтың еркіндігін айшықтайтын бұл құжат өзінің нормалары және қағидаларымен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті дамыған өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан да Республика Конституциясын құрметтеу – әрбір азаматтың басты міндеті. Әрі Конституцияның қабылданған күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өтуіміздің өзі заңдылық деуге болады.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің кезекті сессиясында қабылданған болатын. Ол құжат қысқа мерзімді перспективаларды ғана қамтыды. Сол себепті 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданды.
Бүкіл халықтың таңдауы және еркімен қабылданған Ата Заң Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуда, билік және азаматтық қоғам инстиуттарын қалыптастыруда, жас мемлекеттің сот, әділет, құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жүйелерін құруда шешуші рөл атқарды. Бұл құжат елдегі экономикалық қарым-қатынастарды реттеудің, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың, этносаралық татулықты сақтаудың, ар-ождан және наным-сенім бостандығын қорғаудың және өзге де қоғамдық даму үдерістерінің заңдылықтары мен құқықтық негізін қалауымен құнды болды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Конституциясы уақыт ағаымының талабына сай бірнеше рет толықтырып, өзгерістер енгізілді. Әсіресе, өткен жылы республикалық референдум арқылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Ата Заңымыздың елеулі түрде жаңарып, оның демократия қағидаларына сай бола түсуіне ықпал етті.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық институттарды жаңғырту, нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы болып табылады. Конституция – әр адамның құқығы мен еркіндігінің көрінісі, мемлекет идеологиясының келбеті болып қала бермек.
Еркін САТҚАНБАЕВ,
мемлекет және қоғам қайраткері

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*