Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 140 ОТБАСЫ «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 140 ОТБАСЫ «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жұртшылық әрқашан үлкен үмітпен күтеді. Жолдауда айқындалған ауқымды мәселелер және оларды шешуге бағытталған нақты міндеттер біздің ертеңгі күнге деген сенімді нығайта түсері анық.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету саласына Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында баса назар аударып келеді.  Тұрғын үймен қамтамасыз ету – халық үшін ең өзекті мәселенің бірі.

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 140 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. Оның ішінде 35 пәтер көпбалалы отбасыларға, 52 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 16, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 37 пәтер табысталып, келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан.
Айта кету керек, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу жоспарланып, биыл шілде айында 168 азамат арендалық пәтерге қол жеткізді.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істеп жүрген жастар 888 пәтер мен қамтылатын болады. Сонымен қатар 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1174 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 200-ден астам отбасы тұрғын үй көмегін алды. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға жергілікті бюджет есебінен коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге 14 миллион теңгеге жуық жәрдем көрсетілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*