2023 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосу туралы бірлескен бұйрығы бекітіліп, Республика аумағында сенімхаттарды онлайн куәландыру жұмысы іске қосылды. Осы бағытта мүлікке билік етуге байланысты сенімхаттарды қоспағанда, барлық сенімхаттарды цифрлық түрде куәландыруға болады.
Сенімхаттарды онлайн куәландыру бойынша Шымкент қаласында 33 нотариус Пилоттық жобаға қосылған. Бүгінде осы нотариустармен пилоттық жоба аясында 284 сенімхат куәландырылған.
2023 жылдың 29 мамырынан бастап адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттаудан өткізу автоматтандырылған түрде жүзеге асыру туралы Ережесі бекітілді.
Осы Пилоттық жобаны іске асыру аясында Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында нотариустар, адвокаттар және Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу жобасы іске қосылды.
Егер бұрын аттестаттау жергілікті Әділет департаменттерінде аттестаттау және әңгімелелесу түрінде өткізілсе, осы жоба шеңберінде екі кезең де тестілеу орталығында өткізіледі. Бұл жобаның тиімділігі адами факторды жояды, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқартады және кандидаттарға ыңғайлы уақытта аттестаттаудан өтуге мүмкіндік береді.
Адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өтуге Шымкент қаласының аумағынан жалпы 48 үміткер қатысты. Оның ішінде нотариаттық қызметпен айналысуға 22 үміткер қатысып, оның 9 өтті, адвокаттық қызметпен айналысуға 26 үміткер өтініш берсе, оның тек 2-і ғана аттестаттаудан өтті, ал, жеке сот орындаушылар қызметіне 5 үміткер қатысып, 3 үміткер онлайн сынақтан өтті.