Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЦИФРЛЫҚ СЕНІМХАТТЫ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

ЦИФРЛЫҚ СЕНІМХАТТЫ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

«Цифрлық нотариат» пилоттық жобасының тиімділігі, ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сенімхаттарды қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді. «Ашық НҚА» порталы, «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасы және басқа да сұрақтар бойынша қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әділет департаментінің басшысы Айнұр Ақжігітқызы Исабекова мәлімдеді.
Цифрлық сенімхатты алу үшін мынадай қадамдарды орындау қажет:
Egov Mobile қосымшасына кіру => өтінішті толтырып, оған ЭЦҚ арқылы қол қою => мәліметтерді растау үшін қосымшадан нотариусқа бейнебайланыс арқылы қоңырау шалу => белгіленген тариф бойынша нотариус қызметін төлеу => «Цифрлық құжаттар» бөлімінде цифрлық сенімхатты алу.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне 2022 жылғы 14 шілдеде бірқатар өзгерістер енгізілді. Өзгерістердің ең маңыздысы, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» басқаруына берілді. Аталған Кодекске сәйкес, енді азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік корпорация көрсетеді.
Бұдан басқа осы уақытқа дейін, Департаментке әділет органдарының бұрын берілген функциялары бойынша азаматтардың өтініштері келіп түсетінін атап өткен жөн, мысалы: жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, бұл функцияларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен 2018, 2019 жылдардан бері жүзеге асырады. Әділет органдарының құзіретіне аталған функцияларды бақылау және әдістемелік көмек көрсету кіреді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*