Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАҚ-ТАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАҚ-ТАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбековтың «Түркістан облысының сәбилер өлімі және сырқаттанушылық бойынша теріс статистикасын қалаға жатқызу туралы» БАҚ-та жарыққа шыққан жарияланымға қатысты пікір білдірді.
Түркістан облысы денсаулық басқармасының басшысы Асхан Байдуалиевтың мәлімдеуінше, 2022 жылдың 7 қыркүйегінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына 2022 жылдың 8 айында Шымкент қаласы аумағында орналасқан облыстық мекемелерінде 118 нәресте өлімінің тіркелуін нақтылау туралы хат жолдаған.
Белгілі болғандай, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының тапсырмасы бойынша Шымкент қаласының аумағында орналасқан ведомстволық бағынысты ұйымдары — №1 Облыстық периниталдық орталығы, №2 Облыстық периниталдық орталығы және Облыстық балалар ауруханасында нәрестелер өлімі жағдайларын тіркеу АХАЖ органдарымен, паталого-анатомиялық бюромен, Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығымен салыстыру жүргізілді.
Бұл орайда, 118 жағдайдың 98-і Түркістан облысында тіркеліп, облыс статистикасына енді (қайтыс болған жері Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдардың аумақтық мекенжайы көрсетілген). 11 жағдай БХТ бойынша – Шымкентте, 1 жағдай – Алматыда тіркелген, ал 3 жағдайдың мекенжайы жоқ деп көрсетілген.
Сонымен қатар, өткен жылдың 2022 жылдың 18 қарашасында Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына Шымкент қаласы аумағындағы облыстық мекемелерде қайтыс болған жері бойынша 74 нәресте өлімінің тіркелуін өзгерту туралы хат жолдады. Бұл жағдайлар өзгертілді, яғни Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 12.01.2023 ж. хаты бар (аудит нәтижесі Шымкент қ. ДСМ-на және ҚР ДСМ жіберілді).
РЭДСО филиалының деректеріне сәйкес, нәрестелер өлімінің барлық жағдайлары тіркелген және Түркістан облысының статистикасына енгізілген 10.01.2023 ж. АХАЖ бөлімшесі басшысының қайтыс болған жерді тіркеудегі өзгерістер туралы хаты бар. Шымкент қаласының аумағында орналасқан облыстық мекемелері (№1 облыстық периниталдық орталық, №2 облыстық периниталдық орталық Облыстық балалар ауруханасы) қайтыс болған жерді ПАБ, АХАЖ және Шымкент қ. Әділет департаментінде Түркістан облысына ауыстырып қайта тіркеуді жүргізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*