Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Жылжымалы кешен ауыл тұрғындарын қабылдады

Жылжымалы кешен ауыл тұрғындарын қабылдады

Төлеби аудандық ауруханасының жылжымалы кешен шалғай ауылдардағы тұрғындарды қабылдап, ем-шаралар тағайындады. Кешенде пациенттерді терапевт, офтальмолог, оториноларинголог, гинеколог, хирург, кардиолог, невропатолог, стоматолог, эндокринолог, психолог, фтизиатр, рентген зертханашысы және басқа мамандар қабылдады. Қажет болған жағдайда науқас кардиограмма, УДЗ, скринингтік тексерулерден өтіп, дәрігерлерден кеңес алады және ауруханаға жатқызуға, жеке медициналық мекемелерде емделуге жолдамалар береді. Науқастардың басым бөлігі кардиолог, пульманолог, неврапотолог, фтизиатор және хирург дәрігерлерге жүгінді.
Жыл басынан бері жылжымалы медициналық кешенде ауданның 10937 тұрғыны дәрігерлерден консультация алды. Оның ішінде, 1436 ауыл тұрғынынан алғаш рет жүрек-қан тамырлары, эндокриндік аурулар, глаукома темір тапшылығы анемиясы аурулар анықталды.
-Әсіресе, шалғай елді мекендердегі тұрғындардың денсаулығын қорғауда, ауруды ерте анықтауда жылжымалы медициналық кешеннің (ЖМК) маңызы зор. Мәселен, Төлеби аудандық ауруханасындағы жылжымалы кешен 1198 науқасты жаңадан анықтап, диспансерлік есепке алды. Жылжымалы медициналық кешеннің қызметтері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС пакеті шеңберінде де көрсетіледі. Шалғай елді мекендердің тұрғындары медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, консультациялар, тексерулер алады- деді, дәрігер Сымбат Мұратқызы.
Шалғай ауылдағы тұрғындар үшін бұл диагностикалық кешен сапалы және өте тиімді. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жайлы тұрғындарға жан-жақты мәлімет берілді. Консультация барысында шалғай елді мекендердің тұрғындары МӘМС жүйесінің артықшылықтары, кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілетін қызметтер, сақтандыру жарнасының мөлшері, бірыңғай жиынтық төлемді төлеу тәртібі, мемлекет тарапынан сақтандырылатын санаттар жайлы толық мәліметтерді алды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*