Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Кәсіби аурулардың алдын алу

Кәсіби аурулардың алдын алу

Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен пайда болатын ауру. Кәсіптік аурулар кәсіпорындардағы санитариялық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл әсерінен, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуынан, жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады.

Кәсіптік аурулардың жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді. Жедел кәсіптік ауру-бұл әдетте қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың бір реттік (бір жұмыс күнінен, бір жұмыс ауысымынан аспайтын) әсер етуінің нәтижесі болып табылатын, кәсіптік еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға әкеп соққан ауру.

Созылмалы кәсіптік ауру- қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың ұзақ уақыт әсер етуінің нәтижесі болып табылатын, кәсіптік еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға әкеп соққан ауру.

Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15-20 мин), техникалық шараларды іске асыру – кәсіби аурулардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін жұмысшыларды уақтылы медициналық тексеруден өтуі қажет. Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі ҚР ДСМ-нің «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен айқындалған.

Медициналық қарап-тексеру жүргізу нәтижесімен әрбір жұмысшының денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа ауыстыру, стационарлық және санаторийлік-курорттық емдеу, емдеу-профилактикалық тамақтану, динамикалық бақылау  тағайындалады.

Кәсіптік аурулардың алдын алуда жеке қорғаныш құралдарын пайдалану маңызды орын алады. Жеке қорғаныш құралдарына мыналар жатады: арнайы киім, аяқ киім, көзілдірік, құлаққап, қорғаныс қолғаптары, респираторлар және газ маскалары. Кәсіптік аурулардың алдын алуда қажетті сауықтыру және емдеу шараларын жүргізе отырып, міндетті алдын-ала  және мерзімді медициналық тексерулердің маңызы зор. Түркістан облысында соңғы үш жылда кәсіби аурулар тіркелмеді.

А. Искаков,

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*