Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АРЫС: ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АРЫС: ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Әлемдегі ең сұлу әйел –жүкті әйел. Жанарында – бақыт, жүрегінде –махаббат, ал ішінде – жаңа өмір. Десекте кей сәттері нәзікжандылардың зорлық-зомбылыққа ұшырап, өмірден опық жейтін сәттері тіркеліп жатады. Осыны ескерген мамандар бала мен әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық жайттарының құрбаны болу мәселелерін болдырмау, алдын алу мақсатында маңызы зор іс-шара өткізді. Арыс аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры А.Мырзахметова мен Арыс аудандық орталық емханасының психологы Алимбетова Жанат бірлесіп, Арыс аудандық орталық емханасына келген жүкті әйелдерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазақ елінің демографиясына үлес қосып жүрген аналармен тілдесіп, қандай да бір көмек қажет болса, әрқашан дайын екендіктерін жеткізді.Егер де өмірлерінде келеңсіздіктер орын алса, бірден тиісті орындарға хабарласуға шақырды. Кез келген зорлық әрекеттеріне жол жоқ екенін ұғындырды. Сондай-ақ отбасы құндылығы, бала тәрбиесі бойынша әңгіме өрбіді.
Өз кезегінде әйелдер тарапынан ұйымдастырушыларға сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, тұжымды жауаптар берілді. Жиын соңында ақпараттық үнпарақтар таратылды.
Сонымен бірге, мамандар жас қыздармен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кездесу ұйымдастыруды жалғатсыруда.

Арыс аудандық орталық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері А.Атемкулованың қатысуымен №17 колледж студенттерімен семинар өтті.
Мақсаты:Кәзіргі таңдағы қоғамның өзекті мәселелерінің бірі Ерте жүктіліктің алдын алу.
Қазіргі уақытта жасөспірімдер ортасында некеге дейінгі жыныстық қатынас қалыпты жағдайға айналды. Жасөспірімдер арасында жүкті әйелдердің көбеюі қазіргі әлемдегі қоғамды алаңдататын мәселелердің бірі болып табылады.Медицинада ерте жүктілік деп 18 жасқа дейінгі жүктілікті айтады.13-18 жас аралығында қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып,гармондық қайта құрылу жүреді.Бұл аралық та өзінің денсаулығы қалыптасып жатқанда екінші бір адам үшін тағы қосымша қызмет атқарылады. Жасөспірім қыз бұл ауыртпалықты көтере алмауы мүмкін.Сол себепті түрлі ауруларға тап келеді,сонымен қатар дүниеге келетін нәрестенің де денсаулығы дұрыс болмайды-деп акушер-гинеколог А.Атемкулова өз сөзін аяқтады.
Ары қарай колледж мұғалімдерімен психолог мамандарының ұйымдастыруымен видеоролик көрсетілді және сергіту сәті жүргізілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*