Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ORDABASY: МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА КӨҢІЛ БӨЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ORDABASY: МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА КӨҢІЛ БӨЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ордабасы ауданы әкімдігінде өткен халықпен кездесуде МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту және медициналық қызметтердің сапасына көңіл бөлу барысы талқыланды, деп жазады ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев қатысты.
Жалпы аудан бойынша медициналық ұйымға тіркелген тұрғындар саны 133 743 адам болса, сақтандырылмаған халық саны 24 915 адам. Оның ішінде, жұмысшы, жеке кәсіпкер, шаруа қожалық, келісім шартпен табыс табатын жеке тұлғалар, өзің-өзі жұмыспен қамтығандар құрайды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Икрамұлы аудан тұрғындарынан Түркістан облысы бойынша Қордың филиалына 146 өтініш түскенін, оның ішінде, консультациялық сипаттағы мәселелер – 28, арыз-шағым бойынша 98 өтініш түскенін мәлімдеді.
Айта кетерлігі, осы ретте Қор тарапынан медициналық ұйымдардың пациенттерге көрсеткен қызметтерге әрі арыз-шағымдардың көрсеткішіне байланасты бағалау жүргізіледі.
Сонымен қатар, кездесуде медициналық қызметтерді қаржыландыру, ТМККК шеңберіне және МӘМС жүйесіне енгізілген медициналық қызметтер, азаматтардың жеңілдік санаттары, жоғары мамандандырылған медициналық көмек, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін алу тәртібі, бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ), сақтандырылмаған тұрғандар туралы статистика, халықты МӘМС жүйесімен қамту, Kaspi.kz, Halyk bank мобилдік қосымшалары арқылы жарналарды төлеу, банктердің мобилді қосымшалары арқылы сақтандыру мәртебесін тексеру және кері байланыс арналары бойынша ақпарат берілді.
Алқалы жиында Сауран ауданы әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамтуға қатысты жоспарланған және атқарылған жұмыстар бойынша мәлімет берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*